Палестинаға қолдау шерулері жалғасуда

Әлемнің түкпір-түкпірінде Израиль қатыгезіндегі  Палестинаға қолдау көрсету шерулері жалғасуда.

2080789
Палестинаға қолдау шерулері жалғасуда
abd'de filistin'e destek.jpg
abd'de filistin'e destek.jpg
abd'de filistin'e destek.jpg

Норвегияның астанасы Ослода жиналған топ Израильдің Газадағы қырғынына наразылық білдірді.

Қарға тізерлеп отырған наразылық білдірушілер Палестина туын жайып, Газаға қолдау көрсетті.

Австралияның Мельбурн қаласында өткен дәстүрлі Рождестволық шара кезінде сахнаға Палестина туымен екі адам шықты.

Ереуілшілер «Газада балалар өліп жатыр» деген ұран салды.

Америка Құрама Штаттарының  Нью-Джерси штатында Палестина үшін бас қосты.

Палестинаны қолдау үшін Нью-Йоркте мыңдаған адам жиналды.

Ереуілде  Израильдің езгісіне наразылық білдіріліп, дереу атысты тоқтатуға шақырылды.

Вашингтон әкімшілігінің маңызды тұлғаларының бірі Қорғаныс министрі Ллойд Остин және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанның үйінің алдына жиналған Палестина жақтастары Газа саясатына байланысты АҚШ-қа наразылық білдірді.

Марокконың астанасы Рабатта мыңдаған адам Газаны қолдап шеруге шықты.

Шерушілер өлтірілген палестиналықтардың суреттерін көтеріп, атысты тұрақты тоқтатуды талап етті.



Ұқсас жаңалықтар