Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы Ресейде өтті

Отырыста Еуразиялық экономикалық жоғары кеңесінің жұмыстары талқыланды.

2080951
Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы Ресейде өтті

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық жзоғары кеңесінің отырысы болып өтті.

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен өткен кездесуге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа қоса, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Еуразия экономикалық комиссиясы атқару кеңесі төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Еуразиялық экономикалық жоғары кеңесінің жұмыстары талқыланған отырыс кейін кеңейтілген форматта жалғасты.

Путин мұндағы сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын және бұл бағытта кейбір келісімдерге қол қойылғанын атап, «ЕАЭО елдері арасында ұлттық валютамен төлемдер 90 пайыздан асты» деді.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізіне қоса ЕАЭО-ның бірлескен көлік жүйесін дамытуға жұмыстың жалғасып жатқанына тоқталған Путин Иранмен еркін сауда келісімінің ЕАЭО елдерінің барлығы тарапынан мақұлдайтынына сенім білдірді.

Путин ЕАЭО мен Мысыр арасында келісім дайындалғанын да мәлімдеді.

Отырыста ЕАЭО-ны 2045 жылға дейін дамыту туралы декларация қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар