Батыс Шерияда екі палестиналық қаза тапты

Израиль әскерлері  жаулау астындағы  Батыс Шерияда оқ жаудырды.

2081024
Батыс Шерияда екі палестиналық қаза тапты

Израиль әскерлері  жаулау астындағы  Батыс Шерияда оқ жаудырды. Шабуылда  екі палестиналық қаза тапты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде 17 жастағы Ахмед Яги мен 31 жастағы Ибрахим әл-Титидің Батыс Шериядағы Хеврон қаласында Израиль әскерлері ашқан оқтан қаза тапқаны атап өтілді.

Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде Израиль күштері мен еврей қоныстанушыларының шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 305-ке артты.

Израиль күштері Батыс Шерияның Бетлехем қаласында 15 палестиналықты, оның ішінде бір журналистті ұстады.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігінің  хабарына қарағанда Израиль күштері Бетлехемнің оңтүстігіндегі Бейт Феккар және Хадр қалалары мен Аида босқындар лагерінде тұтқындау операциясын жүргізді.



Ұқсас жаңалықтар