Рождестволық діни кеш Ватиканда өтті

Әулие Петр ғибадатханасындағы Рождестволық діни кешке 6500-ге жуық қонақ қатысты.

2080335
Рождестволық діни кеш Ватиканда өтті

Христиан дінінде Әзірет Иса пайғамбардың туған күні тойланатын «Рождество» мерекесіне орай Ватиканда католиктердің рухани басшысы Рим Папасы Франциск басшылығында ғибадат өтті.

Әулие Петр ғибадатханасындағы Рождестволық діни кешке 6500-ге жуық қонақтың, соның ішінде католик шіркеуінің кардиналдарының, монсеньорлардың және Ватиканға тіркелген дипломатиялық өкілдердің қатысуымен өтті.

Шіркеуге арбамен барған Рим Папасы Франциск былтырғыдай шіркеу келгендерге батасын беріп, үн қатты.

«Біздің жүрегіміз бүгін түнде Бейтүлхалим қаласында» деген Рим Папасы Исаның туған жерінде қару дауысының әлі де жалғасып жатқанына өкінішін білдірді.

Папа өз сөзінде «тұтыну пұтқа табынушылығын» да сынап, Рождествоны тұтыну мәдениетімен шатастырмау керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар