Ражагопал жаңа халықаралық сот құрылу керектігін мәлімдеді

БҰҰ Тұрғын үй құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Балакришнан Ражагопал мәлімдеме жасады.

2080395
Ражагопал жаңа халықаралық сот құрылу керектігін мәлімдеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрғын үй құқығы жөніндегі арнайы есепшісі Балакришнан Ражагопал Израильдің Газа секторындағы соғыс қылмыстары үшін Халықаралық қылмыстық сот қысқа уақытта іс қозғамаған жағдайда жаңа бір халықаралық сот құрылу керектігін мәлімдеді.

БҰҰ-ның арнайы есепшісі Ражагопал «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Газа секторындағы оқиғаның «институционалды жазасыздық» жағдайының нәтижесі екенін тап көрсетті.

БҰҰ баяндамашылары мен адам құқықтарын қорғау ұйымдары Израильдің Газадағы бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдары мен ұжымдық жазалау әрекеттерін «геноцид» деп атаса, Халықаралық қылмыстық соты бас прокуроры Кәрім Хан жауапкерлерді, әсіресе Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қамауға алу туралы бұйрық шығару сияқты алдын алушы бір шара қолданбағаны үшін сынға алуда.

Бас прокурор Хан соңғы рет 7 желтоқсан күні жасаған соңғы мәлімдемесінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға көмек жеткізілуіне әдейі тосқауыл қоюды соғыс қылмысы деп есептеуге болатынын ескертті. Осыған қарамастан Израиль Газа секторына гуманитарлық көмектің кіруін шектеуді жалғастырды және БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы 20 желтоқсан күні Газа секторындағы әрбір төртінші адамның апаттық деңгейде аштықтан зардап шегіп жатқанын хабарлады. Халықаралық жәрдем мекемесі Оксфам Газа секторында шын мәнінде бұл көрсеткіштің 90 пайыздан астам екенін ескерткен еді.

Кәрім Ханның қараша айында Рамаллада Израильдің одан кейін Палестина үкіметіне барғаны үшін сынға ұшырады, бұл кезде Израильдің Газа секторына деген сұмдық шабуылдары барлық қарқындылығымен жалғасты, бірақ Израильдің палестиналықтарға қарсы «геноцид» жалғасқан Газаға бармады.

Кәрім Ханның Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарын барынша жалғастырғанда, қараша айында Израиль мен Рамалладағы Палестина үкіметіне барып, Израильдің палестиналықтарға қарсы «геноциді» жалғасып жатқан Газа секторына бармағаны сынға ұшырады.

Хан Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан 50 күн өткен соң Киев маңында орналасқан Буча қаласында тергеу жүргізіп, Ресей президенті Владимир Путинді Украина ісінде шамамен 1 жыл мерзім ішінде қамауға алуды сұрады. Палестинада жасалған қылмыстарға қатысты 8 жыл бойы жүргізілген тергеуге қарамастан Халықаралық Қылмыстық Соты прокуратурасының әлі тұтқындауға бұйрық шығармауы өзімен бірге «қос стандарт» жасалғаны сынын алып келді.



Ұқсас жаңалықтар