Си Цзиньпин Ресей премьер-министрімен кездесті

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Ресей премьер-министрі  Михаил Мишустинмен кездесті.

2078820
Си Цзиньпин Ресей премьер-министрімен кездесті

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Ресеймен қарым-қатынасты дамытудың екі елдің мүддесі үшін «стратегиялық таңдау» екенін мәлімдеді.

Қытай «Синьхуа» агенттігінің хабарына қарағанда, Си Бейжіңде еліне сапармен келген Ресей премьер-министрі  Михаил Мишустинмен кездесті.

Кездесуде Си Цзиньпин Қытайдың Ресей халқының таңдаған даму жолын ұстануын қолдайтынын айтып: «Қытай-Ресей қарым-қатынастарын дамыту екі ел халқының негізгі мүдделері үшін жасаған стратегиялық таңдауы» деді.

Жыл басынан бері Ресей Президенті Владимир Путинмен екі рет кездескендерін еске салған Си Цзиньпин сонымен қатар екі елдің үкіметтер, заң шығарушы органдар, саяси партиялар және жергілікті әкімшіліктер деңгейінде кездесулер өткізу арқылы әртүрлі салаларда прагматикалық ынтымақтастықты дамытқанын айтты.

Си Қытай мен Ресейдің 11 айда 2023 жылға жоспарланған 200 миллиард долларлық сауда көлеміне жеткенін түсіндіріп, мұның экономикалық қарым-қатынастардың тұрақтылығы мен ынтымақтастық әлеуетін көрсететінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар