Израильдің шабуылдары Рафах қаласында шоғырланды

7 қазаннан бері Израиль шабуылдарында қаза тапқан палестиналық журналистер саны 96-ға артты.

2078238
Израильдің шабуылдары Рафах қаласында шоғырланды

Израильдің шабуылдары Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласында шоғырланды.

Шабуылдарда әйелдер мен балаларды қосқанда кемінде 25 палестиналық қаза тапты.

Қаза тапқан палестиналықтардың арасында журналист Әділ Зараб та бар. 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарында қаза тапқан палестиналық журналистер саны 96-ға артты.

Израиль армиясы Рафахтан бөлек Нусейрат босқындар лагерін, Хан Юнис және Дейр Белах аймақтарын да бомбалады.

7 қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан  22 аурухана мен 53 денсаулық орталығы жұмыс істемейді. 300 медицина қызметкері қырғынға ұшырады. 90 мектеп пен университет жұмыс істемей қалды.

Газада қақтығыстар ла жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар