ДДСҰ "Cібір жарасы" індеті туралы мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африканың 5 елінде індетің тарау қаупі бар екенін ескертті.

2075845
ДДСҰ "Cібір жарасы" індеті туралы мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африканың 5 елінде жамандат (Cібір жарасы) індетінің қаупі бар екенін ескертті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сайтында Шығыс және Оңтүстік Африканың 5 еліндегі Cібір жарасы індетіне қатысты мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеге қарағанда Кения, Малави, Уганда, Замбия және Зимбабведе індет салдарынан 20 адамның қайтыс болғаны, 1 166 оқиғаның анықталғаны хабарланып, 37 науқастың індетке шалдыққаны расталды.

2011 жылдан бергі ең ауыр күйдіргі індетінің Замбияда орын алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Угандада Сібір жарасынан 14 адамның қайтыс болғаны және Малавиде биыл індетті жұқтырған алғашқы науқастың байқалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Замбияның 10 қаласынан 9-ында адам күйдіргі ауруының тіркелгені, 37 адамның ластанған бегемот етін жеу арқылы ауруды жұқтырған деген күдік болғаны және бұл елдегі індеттің көрші елдерде жоғары тарау қаупі бар екені айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Африка бойынша аймақтық директоры, дәрігер Матшидисо Моэти індеттерді тоқтату үшін алдымен жануарлардағы аурулардан туындайтын қауіптерді жою керектігін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар