Израильдің тұтқын алмасу келіссөздеріне дайын екені алға тартылды

«Канал 12» телеарнасы Израильдің Хамаспен тұтқындар тақырыбында келіссөзге дайын екенін хабарлады.

2075562
Израильдің тұтқын алмасу келіссөздеріне дайын екені алға тартылды

Израильдің Хамас қозғалысының кепілге алған тұтқындарды босату үшін қайта келіссөз жүргізуге дайын екені алға тартылды.

Израильдің «Канал 12» телеарнасының хабарында Израильдің келіссөздерге дайын екені және келіссөз жүргізілетін топта науқас, жаралы, қариялар мен әйелдердің болатыны айтылды.

Хабарда келесі аптада жаңа келісімге қол жеткізудің мүмкін болмағаны, бірақ Израильдің Хамасқа қысым жасау үшін жаңа процесті бастағысы келгені айтылды.

Хабарда есімі аталмаған бір жоғары лауазымдының «Жаңа келісімдер жасау үшін орта ыңғайлы» дегені атап көрсетілді.

Аталмыш лауазымды «Моссад» (Израиль барлау агенттігі) басшысы Дэвид Барнеаның делдалдардың айтқанын тыңдау үшін жаңа нұсқаулар алғанын және «Егер катарлықтар сөйлескісі келсе, біз тыңдаймыз» деді.

Израиль мен Хамас арасында 7 қазан күнінен бері жалғасып келе жатқан қақтығыстарда 4 күндік «гуманитарлық үзіліс» туралы келісім 24 қараша күні сағат 07:00-де (Түркия уақытымен 08:00) күшіне енді. 3 күнге ұзартылды.

Тұтқындарды алмасу келісімі аясында қазірге дейін Газа секторынан 81 израильдік, Израиль түрмелерінен 240 палестиналық тұтқын босатылды.



Ұқсас жаңалықтар