АҚШ Израильге қолдауын жалғастырады

АҚШ  Президенті Джо Байден Израильге әскери қолдауының жалғасатынын айтты.

2075529
АҚШ Израильге қолдауын жалғастырады

«The Times of Israel» газетінің хабарлауынша, Джо Байден Ақ Үйде еврейлердің Ханука мерекесіне орай ұйымдастырылған қабылдауда сөйлеген сөзінде Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына байланысты АҚШ-тағы антисемитизмнің күшеюін айыптады.

Хамастан құтылғанша Израильге әскери қолдау көрсетуді жалғастыратындарын түсіндірген  Байден «Бірақ өте сақ болу керек. Бүкіл әлемнің пікірі бір күнде өзгеруі мүмкін. Бұған жол бере алмаймыз» деді.

Еврейлер мен Израильдің қауіпсіздігі және тәуелсіз еврей мемлекетінің өмір сүру құқығына деген тәуелділігінің мызғымас екенін баяндаған Байден «Егер Израиль болмаса, әлемде бірде-бір еврей де қауіпсіз болмас еді» деп көрсетті.

Байден «Менің еврей қауымдастығына деген жақындығым мен байланысым күмәнсіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар