Еуроодақ мүше 4 ел Шарль Мишельге хат жолдады

Хатта Газа секторындағы жағдайға қатысты нақты ұстаным көрсетілуі талап етілді.

2074887
Еуроодақ мүше 4 ел Шарль Мишельге хат жолдады

Испания, Бельгия, Ирландия және Мальта премьер-министрлері Еуроодақ (ЕО) Кеңесі төрағасы Шарль Мишельге хат жолдап, Еуроодақ кеңесі саммитінде Израиль шабуылдарына ұшыраған Газа секторындағы ауыр гуманитарлық жағдайға қатысты нақты ұстаным көрсетілуін талап етті.

Испания премьер-министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Испания премьер-министрі Педро Санчес, Бельгия премьер-министрі Александр де Кроу, Ирландия премьер-министрі Лео Варадкар және Мальта премьер-министрі Роберт Абела Еуроодақ Кеңесі төрағасы Мишельге бірлескен хат жолдады.

Хатта 14-15 желтоқсан күндері Брюссельде өтетін Еуроодақ Кеңесі саммитінің күн тәртібіне Газадағы жағдай мен екі мемлекетті шешімге қатысты нақты ұстанымның ортаға қойылуы талап етілді.

Хамастың 7 қазан күнгі лаңкестік шабуылдары айыпталған хатта Израильдің халықаралық құқық аясында өзін қорғай алатынын еске салған премьер-министрлер Еуроодақтың тұрақты атысты тоқтату, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды қорғау және жәрдемдердің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін ортақ шешім қабылдау керектігі атап көрсетілді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деген шабуыл бастап, Израиль армиясы әскери ұшақтармен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.

Қазірге дейінгі қақтығыстарда көпшілігі бала 17 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар