Газадағы туннельдерді сумен толтыру

Израиль Бас штаб басшысы «теңіз суы толтырудың жақсы пікір екенін» айтты.

2073171
Газадағы туннельдерді сумен толтыру

Израиль Бас штаб басшысы Герци Халеви Газа секторында Хамастың жерасты туннельдеріне «теңіз суы толтырудың жақсы пікір екенін» айтты.

Халеви Израиль армиясының Газадағы жасақтарына барды.

Американың «Wall Street Journal” газетінің «Израиль Хамастың жерасты туннельдеріне теңіз суын толтырады» деген сөздеріне орай ол «Жерасты туннельдерін қолданудың алдын алу үшін барлық таңдауларды қарастырып жатырмыз. Туннельдерде сумен толтыру – жақсы пікір» деді.

Израиль Бас штаб басшысы Газада бірден көп жерасты ғимараты бар екенін, «Хамас мүшелерінің осы ғимараттарды қолдануының алдын алу үшін жару, қирату секілді түрлі әдістер бар екенін» айтты.



Ұқсас жаңалықтар