"Шабуыл бітімгерлік жұмыстарын қиындатып отыр"

Катар Сыртқы істер министрі Блинкенмен сөйлесті.

2072106
"Шабуыл бітімгерлік жұмыстарын қиындатып отыр"

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман әл Сани «гуманитарлық көмек үзілісінен» кейін Израильдің Газаға шабуылдарын жалғастыруының бітімгерлік жұмыстарына қиындық әкелгенін айтты.

Министр америкалық әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Израиль қоршауы мен шабуылдары астындағы Газадағы жағдай қолға алынды.

Катар Сыртқы істер министрі Газада бітімгерлік жұмыстарын атқарудың қиындай түскенін айтты. «Шабуылдар аймақтағы гуманитарлық трагедияны арттыра түседі» деді ол.

Ол әйел және балалар секілді жазықсыз азаматтардың өлтірілуі және жаппай жазаландырудың қабылданбайтын нәрсе екеніне назар аударып, палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін сенімді дәліз ашылуы керектігін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар