Тұтқындар алмастырылды

Хамас келісімді созуға тырысқандарын білдірді.

2069219
Тұтқындар алмастырылды

Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстарға үзіліс берілгеніне үш күн болды.

Кеше кешке Израиль түрмелеріндегі палестиналық әйелдер мен балалардан тұратын тағы 39 тұтқын босатылды. Осыған қарымжы ретінде Хамас та Израильдің 17 тұтқынын кері қайтарды.

Хамас Израильмен арада қамдалған тұтқын алмасу және қақтығыстарға гуманитарлық мақсатты үзіліс беруді қамтитын келісімді созуға тырысқандарын білдірді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадалары 7 қазан күні шабуыл бастап,  ондаған израильдікті кепілге алған болатын.


Этикеттер: #тұтқын , #Хамас , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар