Келісім израильдіктерді өлтірді деп айыпталған кісілерді қамтымайды

Нетаньяху тұтқын алмасу келісімі туралы айтты.

2067965
Келісім израильдіктерді өлтірді деп айыпталған кісілерді қамтымайды

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хамас қозғалысымен жасалған тұтқын алмасу келісімінің израильдіктерді өлтірді деп айыпталған кісілерді қамтымайтынын айтты.

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галантпен бірге баспасөз мәслихатында сөйлеген Нетаньяху тұтқын алмасу келісімі туралы айтты. Ол Халықаралық Қызыл крест ұйымының келісім шеңберінде қамтылмаған басқа тұтқындармен де кездесіп, дәрі-дәрмек қамдайтынын білдірді. Сонымен бірге бұның келісім мәтінінде орын алғанын айтып,  ұйымның өз міндетін атқаратынына сенім білдірді.

«Осы келісім израильдіктерді өлтіргендерді қамтымайды» деген Нетаньяху премьер-министр ретінде тұтқындар тақырыбында қиын таңдаулармен бетпе-бет қалғандарын, барлық уақытын тұтқындардың Израильге қайтарылуы үшін жұмыстануға жұмсағанын айтты. «Ашып айтқым келеді.  Хамасты жою және барлық азаматтарымызды қайтару секілді мақсаттарымыз орындалғанға дейін соғыс жалғасады. Соғыстан кейінгі уақытта да терроризмге қолдау беретіндердің Газаны басқармауы кепілге алынады. Газа Израильдің болашағына қауіп төндірмейтін болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар