Израиль армиясы Газа секторының 40 пайызын басып алды
Мұхаммед Иштие Израиль армиясының Газа секторының 40 пайызын басып алғанын мәлімдеді.
Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштие Израиль армиясының Газа секторының 40 пайызын басып алғанын мәлімдеді.
Премьер-министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Иштие Газа секторындағы шабуылдарды талқылау үшін Рамаллада өткен кезектен тыс сессияның ашылуында сөз сөйледі.
7 қазаннан кейін Газа мен Батыс Шериядағы жағдайдың нашарлағанына назар аударған Иштие Газада жаппай қырғындардың, мәжбүрлі қоныс аударудың, су мен электр қуатының үзілуінің, азық-түлік және дәрі-дәрмектің таратылуындағы кедергілердің жағдайды одан да қиындатқанын айтты.
Израиль жасаған қылмыстардың «Палестина халқына қарсы соғыс қылмысы мен геноцид» екенін түсіндірген Иштие: «Осы таңда Израиль Газа секторының шамамен 40 пайызын басып жатыр. Израиль әрқашан басқыншы мемлекет болды» деді.
Иштие қару-жарақ пен аштықтан өлтірілген бейбіт тұрғындар мен жазықсыз балалармен қатар өлімге қалдырылған жаралылардың толық жауапкершілігінің Израильге тән екенін баса айтты.
Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штие Израильдің Батыс Шерияда да Палестина халқына қарсы өлтіру, діни орындарды басып алу, жаңа елді мекендер мен бақылау түйіндерін құру әрекеттерін жалғастырып жатқанын атап көрсетті.
Иштие азық-түлік, дәрі-дәрмек және көмек материалдарының ешқандай алғышартсыз қамтамасыз етілуі керектігін атап көрсетті.