37 мың 232 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны37 мың 232-ге жетті.

2152596
37 мың 232 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 30-ға артып, 37 мың 232-ге жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газада жасаған мәлімдемеде Израильдің 251 күн бойы Газа секторына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның әртүрлі аймақтарында 3 рет «қырғын» жасағаны, бұл шабуылдарда тағы 30 палестиналықтың қаза тапқаны және 105 палестиналықтың жараланғаны айтылды.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 37 мың 232-ге, жараланғандар санының 85 мың 37-ге жеткені тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар