Израильдің шабуылдары жалғасуда

Израиль күштері ұшқышсыз әуе аппараттармен Түлкерим босқындар лагеріне шабуыл жасады.

2067476
Израильдің шабуылдары жалғасуда
israil bati seria baskin.jpg
israil bati seria baskin.jpg

Израиль күштері жаулау астындағы Батыс Шерияда ұйымдастырылған шабуылдарда  7 палестиналықты өлтірді.  

Жергілікті және денсаулық көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Израиль әскерлері Батыс Шерияның түрлі аймақтарында шабуылдар жасады.

Израиль күштері ұшқышсыз әуе аппараттармен Түлкерим босқындар лагеріне шабуыл жасады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Тулкеримде 6 палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымы жасаған мәлімдемеде Израиль күштерінің медициналық топтардың Тулкерим босқындар лагеріне кіруіне кедергі жасап, жедел жәрдем көлігінде жарақат алған бір адамды ұстағаны білдірілді.

Калкильядағы Дервиш Низал мемлекеттік ауруханасы дереккөздері Израиль әскерлерінің Азун қаласында ашқан оқ салдарынан 30 жастағы әмір Абдуррахман Межидтің қайтыс болғанын хабарлады.

Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігі де Израиль әскерлерінің Хеврон қаласында 2 палестиналықты ұстағанын хабарлады.

Израиль әскерлері Бетлехем маңындағы Дехише босқындар лагеріне де шабуыл жасап, кейбір палестиналықтарды ұстады.

 



Ұқсас жаңалықтар