"Палестиналықтарды толықтай жоюды жоспарлады"

Арнайы делегация БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі 5 елді қамтитын сапарларының алғашқы аялдамасы Қытайға барды.

2066386
"Палестиналықтарды толықтай жоюды жоспарлады"

Палестина Сыртқы істер министрі Әл-Малики «Израиль Газадағы қақтығыстың «барлық соғыстарды аяқтайтын соңғы соғыс» екенін айтып отыр.  Олар палестиналықтарды толықтай жоямыз деп жоспарлады» деді.

Араб және Ислам елдерінің сыртқы істер министрлері мен Ислам Ынтымақтастық ұйымы бас хатшысынан тұратын делегация БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі 5 елді қамтитын сапарларының алғашқы аялдамасы Қытайға барды.

Осында сөз сөйлеген Палестина Сыртқы істер министрі Әл-Малики Израильдің Газада палестиналықтарға қарсы «варварлық қылмыс» жасағанын білдірді.  Малики «Суды, электр қуатын және басқа да негізгі мұқтаждықтарды тоқтатты.  Қимылдаған баршаны өлтірді,  адамдарды құқықтарынан мақұрым қылды» деді.

Ол Израильдің Газаны қоршауға алғанын,  Батыс Шериядағы жерлерді өз территориясына қосып алғанын,  палестиналықтарға нәсілшілдік жасағанын айтты.  «Газадағы қоршау 7 қазан күні басталған жоқ. Израиль 18 жыл бұрын Газаны «әлемнің ең үлкен ашық түрмесіне айналдырғысы келгенде» басталды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар