Газа секторында 21 мыңға жуық бала із-түзсіз жоғалып кетті

Мәлімдемеде белгісіз көп баланың қамауда екені  баса айтылды.

2155375
Газа секторында 21 мыңға жуық бала із-түзсіз жоғалып кетті

Ұлыбританияда орналасқан азаматтық ұйым «Save the Children» жасаған мәлімдемеде Израильдің Газаның оңтүстігіндегі Рафахтағы шабуылдар салдарынан отбасыларынан айырылған балалар санының артқаны  білдірілді.

Мәлімдемеде Газада шамамен 17 мың баланың отбасыларынан айырылғаны немесе қараусыз жоғалып кеткені білдіріліп, шамамен 4 мың баланың қирандылар астында қалғаны баяндалды. 

Мәлімдемеде Израиль шабуылдары кезінде үйінді астында қалған немесе шатырларда өртеніп өлгендердің денелерінің кімге тән  екенін анықтаудың қиындағаны атап өтілді.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, Израиль шабуылдарынан 15 мыңнан астам баланың қаза тапқаны және олардың жартысына жуығын анықтау мүмкін болмағаны баяндалды.



Ұқсас жаңалықтар