"Қасірет тоқтау керек" деді

Риши Сунак Лондондағы саммитте сөз сөйледі.

2066485
"Қасірет тоқтау керек" деді

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Израильдің өзін қорғау құқығын қолдайтынын қайталап, Газадағы гуманитарлық дағдарысқа қатысты пікір білдірді. "Аймақтағы жағдай өте қайғылы және ушығып барады. Біз гуманитарлық көмектің Газаға еш кедергісіз жетуін қамтамасыз ету және қақтығысқа дереу гуманитарлық үзіліс беру үшін күш-жігерімізді жалғастырудамыз", - деді ол.

Лондонда Сомали, Біріккен Араб Әмірліктері, “Билл және Мелинда Гейтс» қоры, Балалар инвестициялық қоры қоры (CIFF) және Ұлыбританиямен бірлесіп ұйымдастырылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит басталды. Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген Сунак әлемдегі көптеген қақтығыс пен соғыстың кедейлерге тікелей әсер ететінін айтып, Тұрақты даму мақсаттары жолындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. Ұлыбритания премьер-министрі «Бұл «нөлдік деңгейде аштық» мақсатына жету жолындағы күш-жігерімізді екі есе арттырудан басталады. Бүгінгі таңда, яғни 2023 жылы 1 миллиардқа жуық адам жеткілікті тамақтанбайды, миллиондаған адам мен бес жасқа толмаған 45 миллион бала аштықпен  бетпе-бет келуі дұрыс емес” деді.

Сунак палестиналық бейбіт тұрғындарға қолдауды екі есе арттырғандарын және Ұлыбританияның Израильдің өзін қорғау құқығын қолдайтынын қайталады. "Алайда бұл халықаралық гуманитарлық құқық аясында болуы керек. Аймақтағы жағдай өте қайғылы және ушығып барады. Біз гуманитарлық көмектің Газаға еш кедергісіз жетуін қамтамасыз ету және қақтығыс кезінде дереу гуманитарлық үзіліс жасау үшін күш-жігерімізді жалғастырамыз. Өйткені жазықсыз бейбіт тұрғындардың қасіреті тоқтау керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар