С.Македонияда «Мұстафа Кемал Ататүрік мемориалдық үйі» құрылады

С. Македония үкіметі «Мұстафа Кемал Ататүрік мемориалдық үйін» құру туралы шешім қабылдады.

2064831
С.Македонияда «Мұстафа Кемал Ататүрік мемориалдық үйі» құрылады

Солтүстік Македония үкіметі ұлттық мекеме ретінде «Мұстафа Кемал Ататүрік мемориалдық үйін» құру туралы шешім қабылдады.

Үкімет тарапынан 199-шы үкімет отырысында Мәдениет министрлігінің ұсынысымен елдің батысында орналасқан Орталық Жупа қаласының Коджаджык ауылында «Мұстафа Кемал Ататүрік мемориалдық үйі» ұлттық мекемесін құру туралы шешім қабылданды.

Мәлімдемеде «Осы шешіммен Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірі мен шығармаларын, сондай-ақ Солтүстік Македония Республикасы үшін маңызы бар басқа да этнологиялық және тарихи нысандарды зерттеу, жинау, кәсіби және ғылыми тұрғыдан өңдеу, зерттеу, сақтау және жариялау мақсат етіледі» делінді.

Орталық Джупа қаласының Коджаджык ауылында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) тарапынан қалпына келтіріп, 2014 жылы 19 мамыр күні ашылған Мұстафа Кемал Ататүріктің әкесі Али Рыза Эфендидің ескерткіш үйі де бар.



Ұқсас жаңалықтар