О. Корея мен АҚШ бірлескен жаттығу бастады

Шығыс теңізінде кеше басталған жаттығудың 4 күнге созылатыны хабарланды.

2064294
О. Корея мен АҚШ бірлескен жаттығу бастады

Оңтүстік Корея мен АҚШ Солтүстік Кореяның қоқан-лоққыларына қарсы бірлескен теңіз жаттығуын бастады.

Оңтүстік Корея теңіз күштері жасаған мәлімдемеде Шығыс теңізінде кеше басталған жаттығудың 4 күнге созылатыны хабарланды.

Мәлімдемеде оқу-жаттығуға Оңтүстік Корея әскери-теңіз күштеріне тиесілі 10 әскери кеме, «ROKS Seoae Ryu Seong-ryong» эсминеці және АҚШ әскери-теңіз күштерінен «Рафаэль Пералта» эсминецінің қатысқаны атап өтілді.

Сонымен қатар мәлімдемеде кемелерге қоса Оңтүстік Кореяның суасты қайықтарына қарсы қолданған «P-3» әскери ұшағы, «F-15K» және «FA-50» әскери ұшақтары, АҚШ-тың болса «А-10» шабуыл ұшақтарының да жаттығуда орын алғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде жасақтардың «іздеу, жаудың сүңгуір қайықтарын жою» және «арнайы десанттардың операцияларына» жауап қайтаратын стратегиялар бойынша жұмыс істеп жатқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар