Еврей қоныстанушылар палестиналықтардың мектебіне шабуылдады

Еврей қоныстанушылар Әл-Халил қаласындағы палестиналық ауылдағы бір мектепке шабуыл жасады.

2063603
Еврей қоныстанушылар палестиналықтардың мектебіне шабуылдады

Басқыншылық астындағы Шерияның оңтүстігіндегі Әл-Халил қаласында бір адам Израиль әскерлері тарапынан атылған оқтың салдарынан қаза тапты.

Палестина мемлекеттік телеарнасында жарияланған хабарға қарағанда такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін 50 жастағы ер адам көлігінмен келе жатып, атылған оқтың салдарынан қаза тапты.

Орталығы Палестинадағы «Шихаб» ақпарат агенттігі өлтірілген палестиналықтың Иса Али Абдулмуним екенін хабарлады.

Екінші жағынан қарулы және бетперде киген еврей қоныстанушылар Шерияның батысында орналасқан Әл-Халил қаласындағы бір палестиналық ауылдағы мектепке шабуылды.

Әлеуметтік желіде жарияланған соң наразылық тудырған оқиғаның бейне көріністердің мектепке басып кірген қоныстанушыларға наразылық көрсеткен палестиналық бір азамат тарапынан түсірілгені білдірілді.

Көріністерді бөліскен израильдік құқық қорғау ұйымы «Йеш Диннің» хабарлауынша бетіне маска киген, АҚШ-тың M16 автоматтары бар және әскери формадағы 2 еврей қоныстанушы Әл-Халилдің Месафир Ятта аймағындағы Тувани мектебіне басып кірді.

Мектептегі қарусыз бір палестиналықтың Палестина туын ғимараттан алып тастауға тырысқан қоныстанушыларды қуып шыққаны байқалды.

Қарулы қоныстанушылардың Израиль әскерлерінің келе жатқанын көріп, мектептен шығып еткені білдірілді.

Екінші жағынан Палестина Сыртқы істер министрлігі Израиль басқыншылығындағы Шерияның бастысында палестиналықтарға бағытталған қысымдардың артқанына назар аударды.

Министрлік жасаған мәлімдемесінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху және радикал оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің бұл қақтығыстардың жауапкері екені баса айтылды.

Мәлімдемеде халықаралық қауымдастық арандатушылықтарды тоқтатуға шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар