ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосады

Жозеп Боррель Еуроодақтың Газаға гуманитарлық көмек жеткізілуі үшін қақтығыстың тоқтатылуы жайлы үн қатты.

2063837
ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосады

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Израиль шабуылдары жалғасып жатқан Газа секторындағы жағдайды, Украина және Әзербайжан-Армения мәселелерін талқылау үшін бас қосты.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде өтетін Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында  Газаға байланысты Еуроодақ атынан өткен түнде жасаған мәлімдемесін еске салды.

Боррель Еуроодақтың Газаға гуманитарлық көмек жеткізілуі үшін қақтығыстың тоқтатылуы жайлы үн қатты. 

Боррель «Біз қақтығыстарды  дереу тоқтатуды талап етеміз. Мұны шұғыл түрде жасап, Газадағы халықтың ауыр жағдайын жеңілдету үшін гуманитарлық дәліздер құру керек. Біз Израильді бейбіт тұрғындарды қорғау үшін барынша ұстамдылық танытуға шақырамыз» деді.

Боррель Газада су, азық-түлік және отын сияқты негізгі материалдардың шұғыл қажет екенін қайталады.

Боррель «Бұл көмек шекарада дайын тұр және Газаға кіруді күтуде» деп көрсетті.

Боррель бүгінгі кездесуде Газадағы ауыр жағдайды ғана емес, одан кейінгі жағдайды қарастырып, Палестина мәселесінің шешімін талқылайтындарын білдірді.

Боррель Украинадағы соғыстың жалғасып жатқанын және Украинаның да назардан тыс қалмауы керектігін баяндап, бүгінгі кездесуде Украинаға көмек мәселесін қолға алатындарын түсіндірді.

Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері жиналысында Әзербайжан-Армения мәселесі мен Оңтүстік Кавказдағы жағдай да талқыланады. Кездесуден кейін министрлер деңгейінде ЕО-Батыс Балқан жиналысы өтеді.



Ұқсас жаңалықтар