Беннетт: «Халықаралық қоғам енді бізбен бірге емес»

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннетт мәлімдеме жасады.

2060433
Беннетт: «Халықаралық қоғам енді бізбен бірге емес»

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннетт халықаралық қоғамның енді өздерін қолдамағанын мәлімдеді.

Беннетт «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде өз елінің халықаралық аренада жағдайының жақсы емес екенін айтты.

«Халықаралық қоғам енді бізбен бірге емес» деген Беннетт «TikTok» желісінде Палестинаны қолдайтын мазмұнның Израильді жақтайтын мазмұннан 15 есе көп екенін баса айтты.

Беннетт Израиль үкіметіне қолдау көрсету мақсатында Нью-Йорк пен Вашингтонда байланыстар жасайтынын мәлімдеді.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні таңертең «Израильдің палестиналықтарға және олардың қасиетті құндылықтарына, әсіресе әл-Ақса мешітіне бағытталған үздіксіз шабуылдарына жауап қайтару» деген сылтаумен ауқымды шабуыл жасады. Израиль армиясы да Газа секторын әуеден бомбалай бастады.



Ұқсас жаңалықтар