Нигериядағы қайық апатында 15 адам қаза тапты

Нигерияның Тараба штатында жолаушылар қайығы суға кетті.

2057713
Нигериядағы қайық апатында 15 адам қаза тапты

Африканың батыс елдерінің бірі Нигерияның Тараба штатында жолаушылар қайығының аударылып кетуі салдарынан 15 адам қаза тапты.

Майоренеро аймағындағы балық базарынан Тараба штатына оралған және бортында 100-ден астам жолаушы болған қайық Бенуэ өзенінде суға кетті.

Апаттан кейін басталған құтқару жұмыстары кезінде 15 адамның мәйіті табылды.

Аймақта іздеу құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар санының артуы ықтималы алаңдатуда.

Нигерияда жаңбырлы маусымда өзендер мен көлдерде қайық апаттары жиі орын алуда.

Соңғысы 9 қыркүйек күні Нигер штатында және 11 қыркүйек күні Адамава штатында жолаушылар мінген қайықтар суға батып, 40 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар