"Der Spiegel" ресейлік дипломатты тыңшы деп айыптады

«Der Spiegel» газеті РФ-ның Еуроодақтағы тұрақты өкілі Кирилл Логвиновты тыңшы деп айыптады.

2056565
"Der Spiegel" ресейлік дипломатты тыңшы деп айыптады

Германияның «Der Spiegel» газеті Бельгия Мемлекеттік қауіпсіздік агенттігінің Ресей Федерациясының Еуроодақтағы тұрақты өкілі міндетін атқарушы Кирилл Логвиновты Ресей Сыртқы барлау агенттігінің тыңшысы деп айыптағанын жариялады.

Кирилл Логвинов – қазір Еуроодақта қызмет атқаратын ең жоғары лауазымдағы ресейлік дипломат.

Логвинов «Еуропаға қарсы заңсыз әрекет жасады» деген күдікке ілінген.

Газеттің дипломатиялық дереккөздерге сүйеніп берген хабарына қарағанда, ресейлік дипломатқа қатысты күдік өткен жылы тілге тиек етіле бастады.

Хабарға қарағанда ол кезде Бельгия Барлау қызметі Логвиновты тыңшылар тізіміне енгізуді талап еткенімен, Еуроодақтың Сыртқы істер қызметі бұл қадамның өздерінің Ресейдегі өкілдері үшін теріс салдары болуы мүмкін екені болжалып, қарсылық білдірген болатын.

Логвиновқа тағылған айыпқа наразылық РФ Сыртқы істер министрлігінен келді. Министрліктің баспасөз хатшысы Мария Захарова «Der Spiegel» журналистеріне тергеу жүргізуге және бүкіл әлем бойынша неміс барлау агенттерін тізімге алуды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар