Израиль Газаға суды тоқтатып, халық сусыз қалды

Израильдің Энергетика министрі Йизраэль Катц 2 миллион палестиналық тұратын Газа секторына су беру тоқтатылғанын жариялаған еді.

2053603
Израиль Газаға суды тоқтатып, халық сусыз қалды

Адам Құқықтарын бақылау ұйымы Израильдің 11 қазанда Газаға су беруді тоқтатып, 600 мың адамды таза судан айырғанын хабарлады.

Адам Құқықтарын бақылау ұйымы "Х" әлеуметтік платформасындағы жазбасында Израильдің Газа секторын қоршауы палестиналық балалар мен басқа да бейбіт тұрғындарға үлкен қауіп төндіргенін білдірді.

Мәлімдемеде Израильдің 11 қазан күні Газаға су беруді тоқтатып, 600 мың адамды таза судан айырғаны, су, отын және электр қуатына рұқсат бермеуі адамдардың өміріне қауіп төндіргені білдірілді.

Мәлімдемеде Израильдің Газаны заңсыз қоршауының балалардың өліміне себеп болғаны атап өтілді.

10 қазандағы мәлімдемесінде Израильдің Энергетика министрі Йизраэль Катц шамамен 2 миллион палестиналық тұратын Газа секторына су ағынының тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар