Халықаралық қоғамнан аурухана шабуылына наразылықтар артты

Израильің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған шабуылын көптеген ел мен халықаралық ұйым айыптады.

2052571
Халықаралық қоғамнан аурухана шабуылына наразылықтар артты

Израильдің Газа секторындағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған және жүздеген адам қаза тапқан шабуылын көптеген ел және халықаралық ұйым айыптады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасалған шабуылды қатаң түрде айыптап, бейбіт тұрғындар мен денсаулық сақтау мекемелеріне қарсы шабуылдарды тоқтатуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымың (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус болса шабуылды қатаң айыптап, «Бейбіт тұрғындар мен денсаулық сақтау қызметтерін дереу қорғауға шақырамыз» деді. Гебрейесус Газаның солтүстігіндегі ауруханаларды эвакуациялау өтінішінің (Израиль жасаған) қайтарып алынуын қалағандарын мәлімдеді.

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишель Израильдің Газадағы аурухананы бомбалауымен байланысты «Өлгендер тым көп. Бұл сол жердегі бейбіт тұрғындар үшін майдандағы трагедиялық жағдайды көрсетеді» деді.

Мишель азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасаудың халықаралық құқыққа қайшы екенін білдірді.

Еуроодақтың Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель болса жазықсыз азаматтардың ең үлкен беделді төлегенін тағы бір рет баса айтып, Газадағы ауруханаға жасалған шабуылды жасағандардың жауапқа тартылуы керектігін атап көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қоры (UNICEF) ауруханаға жасалған шабуылды қатаң түрде айыптап, тез арада атысты тоқтатуға шақырса, Африка Одағы (AfB) да шабуылды айыптап, оны адамзатқа қарсы қылмыс деп жариялады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар да Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасына жасалған шабуылды айыптап, бұл шабуылдардың қабылданбайтынын білдірді.

Иордания королі Абдалла II Израильдің Газа секторындағы әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған шабуылды айыптап, оны «ауыр соғыс қылмысы» деп атады.

«Иордания королі Израиль өзінің қатыгез ұстанымын дереу тоқтатуы керек» деп мәлімдеді.

Бүгіннен бастап елде үш күндік аза тұту жарияланды. Израильдің шабуылынан кейін Иран да ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Иран президенті Ибрахим Реиси Израильдің Газадағы ауруханаға шабуыл жасап, жүздеген адамды өлтірген әскери қылмысқа үнсіз қарай алмайтынын білдірді.

Иран үкіметі де Ислам елдерінен бастап халықаралық қауымдастыққа Израильмен байланыстарын үзіп, елшілерін елден шығаруға шақырды.

Ауруханаға жасалған шабуылды «қатаң түрде» айыптаған Ливан да ұлттық аза тұту күні жариялады.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Катар, Сауд Арабиясы, Мысыр, Ирак Аймақтық Күрд Әкімшілігі, Пәкістан, Ливия, Алжир, Джибути, Ұлыбритания, Франция, Испания, Норвегия, Германия, Куба, Венесуэла, Чили, Колумбия, Сомали және көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар да Газадағы ауруханаға жасалған шабуылды айыптап, бейбіт тұрғындарды қорғауды және соғысты тез арада тоқтатуды талап ететін хабарламалар жариялады.



Ұқсас жаңалықтар