Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония ортақ желі құрды

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония «Солтүстік Кореяның әскери қауіп-қатерлерінің артуы және Қытайдың аймақтағы белсенділігі» себепті үшжақты желі құрды.

2052021
Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония ортақ желі құрды

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония «Солтүстік Кореяның әскери қауіп-қатерлерінің артуы және Қытайдың аймақтағы белсенділігі» себепті үшжақты байланыс желісін құрды.

Тақырып бойынша "Yonhap" агенттігіне ақпарат берген оңтүстік кореялық бір лауазымды тұлға Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония арасында байланыс желісінің құрылғанын және желінің сол елдердің техниктері тарапынан сынақтан өткенін айтты.

Бұл желінің «Солтүстік Кореяның әскери қауіп-қатерлерінің артуы және Қытайдың аймақтағы белсенділігі» себепті құрылғанын атап өткен лауазымды бұл жолдың 3 елдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесін байланыстыратынын және басшылар мен жоғары қауіпсіздік өкілдері арасында кез келген уақытта аудио және бейне байланысқа мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 

Бұл желі Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл, АҚШ президенті Джо Байден және Жапония премьер-министрі Кисида Фумио тамыз айында Кэмп-Дэвидте өткен саммитте «ортақ қауіп» жағдайында бір-бірімен «кеңес беру кепілдігі» туралы келіскеннен кейін құрылды. 



Ұқсас жаңалықтар