Кассам 21 жасар израильдік тұтқынның бейнежазбасын жариялады

Кассам бригадасы әскери баспасөзі мәлімдеме жасады.

2052131
Кассам 21 жасар израильдік тұтқынның бейнежазбасын жариялады

Газа секторында Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы емдеген израильдік тұтқын әйелдің бейнежазбасын жариялады.

Кассам бригадасы әскери баспасөзі тарапынан жариялаған бейнежазбада Кассам күштерінің 21 жасар Миа Шемді емдеп жатқаны көрінеді.

Бейнежазбада Кассам күштерінің оң қолына ота жасалған әйелдің қолын орап жатқаны түсірілген.

Тұтқын әйел видеода 7 қазан күні Сдерот қаласында болған шабуылда қолынан ауыр жарақат алғанын мәлімдейді.

Газа секторына Кассам күштері тарапынан әкелінгенін және 3 сағатқа созылған ота жасалғанын айтқан Миа Шем «Олар емдеді, қарады, дәрі берді, бәрі жақсы» деді.

Отбасына қайтқысы келетінін білдірген тұтқын әйел «Бізді тезірек бұл жерден шығаруыңызды өтінемін» деді.

Бұл арада Израильдің ішкі барлау агенттігінің бұрынғы Шин-Бет (Шабак) басшысы Яков Пери Израиль үкіметінің делдалдар арқылы Хамасқа қоршау астындағы Газа секторында израильдік тұтқындар үшін гуманитарлық дәліз ашу туралы хабар жібергендерін, бірақ әлі жауап келмегенін атап көрсетті.

Пери жіберген хабарламасында Израильдің Хамасқа не ұсынғаны туралы сұраққа «Хамас жауап беріп, оған бір талап қоятын болса, келіссөз жүргіземіз» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар