Конгодағы қайық апатында 40 адам мерт болды

Конго Демократиялық Республикасының Экватер уәлаятында қайық аударылуы себепті 40 адам қаза тауып, 167 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

2051490
Конгодағы қайық апатында 40 адам мерт болды

Конго Демократиялық Республикасының Экватер уәлаятында қайық аударылып, кем дегенде 40 адам қаза тауып, 167 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда түнде Экватер уәлаятының Мбандака қаласындағы порттан шығып, Конго өзеніндегі Боломбаға қарай бет алған қайық аударылып кеткен.

Апат салдарынан 40 адам қаза тауып, 167 адам із-түссіз жоғалған.

190-ға жуық адам құтқарылған апатта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жолға шыққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң қайықтың шамадан тыс жүктеме салдарынан ілгерлеуі қиынға соққаны және экипаждың тепе-теңдікті сақтау әрекеті кезінде алдымен қисайғаны, артынан толығымен батып кеткені білдірілді.

Елде әсіресе толассыз жауған жаңбыр кезінде болған теңіз апаттарына қайықтарға техникалық күтім жасалмауы және жүк пен жолаушыларды өз мүмкіндігінен тыс тасымалдауы себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар