Байден: "Израильдің Газаға басып кіруі үлкен қателік"

АҚШ Президенті Джо Байден Америкалық «CBS» телеарнасына сұхбат берді.

2051310
Байден: "Израильдің Газаға басып кіруі үлкен қателік"

АҚШ Президенті Джо Байден Израильдің Газаға басып кіруінің үлкен қателік екенін айтты.

Америкалық «CBS» арнасына берген сұхбатында Палестина әкімшілігі мен мемлекеті үшін бір жол табу керектігін айтқан Байден «Бұл жол екі мемлекетті шешім болып табылады және ондаған жылдар бойы АҚШ-тың саясаты болатын. (АҚШ) Израильмен бірге 5 миллион палестиналық үшін тәуелсіз мемлекет құрмақ» деді.

АҚШ президенті сондай-ақ соғыстың артында Иран тұрғанына ешқандай дәлел жоқ екенін айтып, Тегеран әкімшілігі мен Хизбуллах ұйымын соғысты өршітпеуге шақырды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен болса 6 араб елін қамтитын аймақтық турынан кейін бүгін Израильге қайта барады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Мысыр президенті Абдүлфеттах әл-Сисимен телефон арқылы сөйлесті.

Грекия премьер-министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Мицотакис пен Сиси арасындағы телефон әңгімесінде Израиль-Палестина қақтығысы мен Газа секторындағы соңғы жағдай талқыланды.

Мицотакис Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу керектігін баса айтты.

Газаға гуманитарлық көмек жеткізудің маңыздылығы туралы келіскен екі басшы шиеленістің бүкіл аймаққа таралуына алаңдаушылық білдірді.

Кассам бригадалары 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын жариялады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Мысыр президенті Абдүлфеттах әл-Сисимен телефон арқылы сөйлесті.

Грекия премьер-министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Мицотакис пен Сиси арасындағы телефон әңгімесінде Израиль-Палестина қақтығысы мен Газа секторындағы соңғы жағдай талқыланды.

Мицотакис Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу керектігін баса айтты.

Газаға гуманитарлық көмек жеткізудің маңыздылығы туралы келіскен екі басшы шиеленістің бүкіл аймаққа таралуына алаңдаушылық білдірді.

Кассам бригадалары 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» шабуылы деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар