НАТО одақтас елдермен ядролық жаттығу өткізеді

"Steadfast Noon" жаттығуы жыл сайын НАТО-ға мүше елдердің үй иелігінде ұйымдастырылады.

2050413
НАТО одақтас елдермен ядролық жаттығу өткізеді

НАТО елдері келесі аптада жыл сайынғы "Steadfast Noon" ядролық оқу-жаттығуын өткізеді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде «Ресейдің Украинаға қарсы соғысы НАТО-ның ядролық қаруларының шабуылдарды тежеудегі маңызды рөлін еске салды» деді. 

Столтенберг НАТО-ның қазан айында өткізетін жоспарлы жаттығуының келесі аптада Италия, Хорватия және Жерорта теңізінде өтетінін мәлімдеді.

Оқу-жаттығудың НАТО-ның ядролық тежеу ​​құралының сенімділігін, тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтқан Столтенберг "Steadfast Noon" жаттығуының НАТО-ның барлық одақтастарын қорғайтыны туралы нақтылы жауап болатынын атап өтті.

Жаттығуға көптеген жойғыш ұшақтар, бақылау ұшақтары мен танкер ұшақтары, сондай-ақ алыс қашықтыққа ұшатын "В-52" бомбалаушы ұшақтары қатысатыны жоспарлануда.

"Steadfast Noon" жаттығуы жыл сайын НАТО-ға мүше елдердің үй иелігінде ұйымдастырылады. 



Ұқсас жаңалықтар