Эс-Судани Киркук-Джейхан мұнай құбыр жайлы мәлімдеме жасады

Мұхаммед Шия эс-Судани Киркук-Джейхан мұнай құбырынан Түркияға тасымалдауды бастауға дайын екендерін білдірді.

2049964
Эс-Судани Киркук-Джейхан мұнай құбыр жайлы мәлімдеме жасады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия эс-Судани Киркук-Джейхан мұнай құбырынан Түркияға тасымалдауды бастауға дайын екендерін білдірді.

Судани Ресейдің астанасы Мәскеуде өткен Ресей энергетика апталығының негізгі отырысында мәлімдеме жасады.

6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан Киркук-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдаудың тоқтатылғанын еске салған Судани: «Алайда жақында белгілі бір техникалық тексерулер жүргізілді және бұл құбырдың дайын екенін көрсетті. Үкімет те жөнелтілімдерді қайта бастауға дайын. Бұл туралы түрік серіктестерінен де ақпарат алдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар