Ауғанстан тағы 6,3 және 5 балдық жер сілкінісімен шайқалды
Екі жер сілкінісінің де 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.
Ауғанстанның Герат уәлаяты сенбі күні болған қатты жер сілкінісінен кейін 6,3 және 5 балдық жер сілкінісімен шайқалды.
Америка геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жергілікті уақыт бойынша 05.11-де орталығы Гераттан солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде 6,3 балдық жер сілкінісі болды.
Осы жер сілкінісінен 11 минуттан кейін сол аймақта 5 балдық екінші жер сілкінісі болды.
Екі жер сілкінісінің де 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.
Жер сілкінісінен кейін Герат тұрғындары үреймен көшелерге ағылды. Қалада қысқа уақытқа электр қуаты үзілді.
7 қазанда Ауғанстанның батысында және Иранмен шекарада орналасқан Герат уәлаятында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00- қатарынан қатты жер сілкінісі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Тебризде Реисинің жерлеу рәсімі өтті
Тікұшақ апатында қаза тапқан Иран Мемлекет басшысы мен қасындағы делегацияның сүйектері жерленді.