Ауғанстанда қаза тапқандар саны артты

Герат әкімі халықаралық қоғамнан көмек сұрады.

2048052
Ауғанстанда қаза тапқандар саны артты

Ауғанстанның Герат уәлаятында сенбі күні болған жер сілкінісінде қаза тапқандар саны  2 мың 445-ке жетті.

Талибан уақытша үкіметінің Табиғи апаттарға жауапты мемлекеттік министрлігі мәлімдемешісі Молла Жаан Саик деректерді жариялады.  Саик жер сілкіністерінде 2  мың 445 адамның қаза тапқанын білдірді. 2 мың 440 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Саик шығынның көбінің Зиндежан ауданының 13 ауылында тіркелгенін және 1320 үйдің қирағанын білдірді.

Герат әкімі Нур Ахмет Исламжар халықаралық қоғамнан көмек сұрады.



Ұқсас жаңалықтар