Сирияға радиотерапия жиһазы жеткізілді

Аталмыш медициналық жиһаз Африндегі ең ірі ауруханаға орналастырылады.

2045926
Сирияға радиотерапия жиһазы жеткізілді

БҰҰ Түркияның қолдауымен Сирияның солтүстік батысына алғашқы радиотерапия жиһазын жолдады.

БҰҰ Гуманитарлық істер координациясы тақырыпқа байланысты мәлімдеме  жариялады.

Бұл Сирияның солтүстік батысында қатерлі ісік ауруын емдеу тақырыбында «үлкен қадам» екені атап көрсетілді. БҰҰ мұның БҰҰ серіктері және Түркия үкіметінің қолдауымен орындалғанын білдірді.

Жиһаз арқылы күніне 40 тепария сеансы жүргізу мүмкіндігі болады. Аталмыш медициналық жиһаз Африндегі ең ірі ауруханаға орналастырылады.

Мәлімдемеде «Түрік медициналық қызметкерлері онкологтармен бірге 1 жыл бойы жиһаздың қолданылуына көмек береді және Сириялық қызметкерлерге үйретеді» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар