Нигериядағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

Лауазым иелері  аймаққа өрт сөндіру топтарының жіберіліп, оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

2044900
Нигериядағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта уәлаятында жанармай тасымалдайтын танкердің жарылуы салдарынан 20 адам қаза тапты.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Дельта уәлаятының Варри-Бенин тас жолында бензин тасыған танкерде белгісіз бір себеппен жарылыс болды.

Жарылыстан 20 адам қаза тапты. Көптеген адамдар жараланып, кейбір үйлер зақымданды.

Лауазым иелері  аймаққа өрт сөндіру топтарының жіберіліп, оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар