Бейбіт тұрғындар Украинаға оралып жатыр
Екі ел арасында өткен жылы гуманитарлық дәліз құрылған болатын.

Ресей аннексиялаған аймақтардағы бейбіт тұрғындар Украина армиясының бақылауындағы жерлерге оралып, қауіпсіз аймақтарға қоныстануда.
Украина мен Ресей арасында 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан соғыста өткен жылы гуманитарлық дәліз құрылған болатын.
Ресейдің Белгород облысындағы Колотиловка ауылы мен Украинаның Суми облысындағы Покровка ауылы арасында қалыптастырылған дәліз арқылы тұтқынға түскен жауынгерлер мен қаза тапқан сарбаздардың мәйіттері ауыстырылып, бейбіт тұрғындар өте алады.
Ресей аннексиялаған аймақтардан Украина әскері бақылауындағы аумаққа оралған бейбіт тұрғындарды Украина қауіпсіздік қызметі Суми облысында тексереді.
Қажетті тексерулерден кейін ерікті жасақтары бақылауында бейбіт тұрғындар астана Киев пен Харьковке жеткізіліп, Украинаның қауіпсіз қалалары мен ауылдарына жөнелтіледі.
Гуманитарлық дәліз арқылы күніне 100-150 адам өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жетті
Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жентті.

Ресейде президенттік сайлау болады
Федерация кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.