АҚШ Ресейге қолдау жасағаны үшін Солтүстік Кореяға ескерту жасады

Пентагон Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ қолдауының Украинамен соғысты ұзартатынын алға тартты.

2037902
АҚШ  Ресейге қолдау жасағаны үшін Солтүстік Кореяға ескерту жасады

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ қолдауының Украинамен соғысты ұзартатынын және бұл қолдаудың бейуаз украиналықтарды өлтірумен бірдей екенін мәлімдеді.

Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен кейін мәлімдеме жасады.

Солтүстік Кореяның Ресейге қару беру мүмкіндігіне қатысты Сингх: «Осы себепсіз соғыста Ресейді қолдайтын кез келген ел Украинадағы қақтығысты ұзартып қана қоймай, сонымен қатар  бұл Украинаның бейуаз бейбіт тұрғындарын өлтірумен бірдей деп ойлаймыз» деді.

Солтүстік Кореяны осыған дейін де талай рет ескерткендерін еске салған Сингх: «Біз Солтүстік Кореяға Ресеймен қару-жарақ туралы келісім жасамауды ескертудеміз» деді.

Ресей Қорғаныс министрі Сейгей Шойгудың Солтүстік Кореямен бірлескен жаттығулар өткізілуі мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап берген Сингх мұның АҚШ-Жапония-Оңтүстік Корея қарым-қатынастарына әсер етпейтінін айтты.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі болса Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін екі ел арасында болуы мүмкін әскери жаттығудың мұқият қадағаланып жатқанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар