Мароккодағы жер сілкінісінде көз жұмған адам саны 2 мың 946-ға артты

Мароккода 7 балдық жер сілкінісі Марракештің Эль-Хуз аймағында болған еді.

2037149
Мароккодағы жер сілкінісінде көз жұмған адам саны 2 мың 946-ға артты

Марокконың Марракеш қаласында 8 қыркүйекте болған 7 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 2 мың 946-ға жетті.

Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 2 мың 946-ға, жаралылардың санының 5 мың 674-ке жеткені атап көрсетілді.

Зілзаладан қаза тапқандардың 2944-інің жерленгені хабарланды.

Мароккода 7 балдық жер сілкінісі 8 қыркүйекке қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 23.10-да  Марракештің Эль-Хуз аймағында болған еді.



Ұқсас жаңалықтар