Мароккодағы жер сілкінісінен 2 мың 862 адам мерт болды

Мароккодағы 7 баллдық жер сілкінісі 8 қыркүйекке қараған түні Марракештің Эль-Хуз аймағында болған.

2036137
Мароккодағы жер сілкінісінен 2 мың 862 адам мерт болды

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мың 862, жараланғандар саны 2 мың 562-ге жеткені хабарланды.

Марокконың Ішкі істер министрлігі 8 қыркүйекке қараған түні болған жер сілкінісі туралы жаңартылған ақпаратпен бөлісті.

Министрліктің мәлімдемесінде 7 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 2 мың 862-ге, жараланғандар санының 2 мың 562-ге жеткені білдірілді.

Мароккодағы 7 балдық жер сілкінісі 8 қыркүйекке қараған түні Марракештің Эль-Хуз аймағында болған.

Жер сілкінісі Марракештен қатар ел астанасы Рабат пен Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес қалаларында ықпалды болған еді.



Ұқсас жаңалықтар