Пәкістанда бомбалы шабуыл

Бір әскер қаза тапты.

2035751
Пәкістанда бомбалы шабуыл

Пәкістанның Пешавар қаласында әскери көлік өтіп бара жатқанда бомбалы шабуыл болды.  Бір әскер қаза тапты.

«Geo News» телеарнасындағы хабарға қарағанда,  Хайбер Пахтунха уәлаятына қарасты Пешавар қаласындағы бір даңғылда әскери көлік шабуылға ұшырады.  Бомбалы шабуылда бір әскер қаза тапты, 6 әскер мен 3 бейбіт азамат жарақат алды.

Лауазым иелері жаралы әскерлердің екеуінің жағдайының ауыр екенін білдірді.

Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар