Энтони Блинкен Аббас және Нетаньяхумен телефонда  сөйлесті

Аббас пен Блинкен екі мемлекетті шешімді қолдайтындарын қайталап, оған қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы екендіктерін баса айтты.

2033632
Энтони Блинкен Аббас және Нетаньяхумен телефонда  сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Палестина президенті Махмуд Аббаспен және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен келіссөздерге байланысты жасалған жазбаша мәлімдемеде Блинкеннің Палестина басшысы Аббаспен өткізген әңгімесінде «Батыс Шерияда жалғасып жатқан зорлық-зомбылыққа» алаңдағанын білдіргені атап өтілді.

Блинкен Америка Құрама Штаттарының Палестина халқының өмір сапасын, қауіпсіздігін және еркіндігін арттыратын қадамдарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын білдірді.

Аббас пен Блинкен екі мемлекетті шешімді қолдайтындарын қайталап, оған қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы екендіктерін баса айтты.

Блинкен сондай-ақ Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен әңгімесінде  АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттемесін растады.



Ұқсас жаңалықтар