Украинаның ұшқышсыз әуе аппараттары атып түсірілді

Украинаның ұшқышсыз әуе аппараттары Мәскеу, Калуга және Тверь облыстарында атып түсірілді.

2033057
Украинаның ұшқышсыз әуе аппараттары атып түсірілді

Ресейдің астанасы Мәскеуге шабуыл жасауды мақсат еткен Украинаның ұшқышсыз әуе аппараттарының Мәскеу, Калуга және Тверь облыстарында атып түсірілгені хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Киевтің Ресей жеріндегі нысандарына түнде және таңертең ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасау әрекетінің алдын алғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде түнгі сағат 03:00 шамасында әуе қорғаныс жүйесі тарапынан бір ұшқышсыз әуе аппаратының Калуга облысында жойылғаны, тағы бір ұшқышсыз әуе аппаратының да Мәскеу облысының Истринский ауданы кеңістігінде атып түсірілгені жазылған.

Мәлімдемеде Тверь облысында Украинаға тиесілі тағы бір ұшқышсыз әуе аппатарының жойылғаны айтылды.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин де әлеуметтік желідегі парақшасында аталған аймақтарда түсірілген ұшқышсыз әуе аппараттарының  Мәскеуге шабуыл жасауды мақсат еткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар