Украинаның Бахмут өңірінде 3 шаршы шақырымдық аумақ азат етілді

Анна Маляр «Бүгінге дейін Бахмут маңында жалпы 47 шаршы шақырым аумақ қайтарылып алынды» деді.

2032695
Украинаның Бахмут өңірінде 3 шаршы шақырымдық аумақ азат етілді

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр өткен аптада Бахмут маңында 3 шаршы шақырым аумақтың азат етілгенін хабарлады.

Маляр әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде шығыс және оңтүстік майдандардағы жағдайды бағалады.

Маляр Ресей армиясының Бахмут бағытында украин әскерлерінің ілгерілеуіне жол бермеуге тырысатынын мәлімдеді.

Маляр орыс әскерлерінің Донецк аймағына қарасты Клишиевка, Курдюмовка және Озаряновка елді мекендерінде де жоғалтқан жерлерін қайтаруға тырысқанын, бірақ орыстардың сәтсіздікке ұшырағанын алға тартты.

Маляр өткен аптада Бахмут маңында 3 шаршы шақырым аумақтың құтқарылғанын баяндап, «Бүгінге дейін Бахмут маңында жалпы 47 шаршы шақырым аумақ қайтарылып алынды» деді.

Украина қорғаныс күштерінің Мелитополь бағытында шабуыл операциясын жалғастырғанын атап көрсеткен Маляр Ресей армиясының оңтүстікте сарбаз, қару-жарақ және техника жағынан айтарлықтай шығынға ұшырап, әскерлерін қайта орналастырғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар