Имран Ханды 3 жылға түрмеге отырғызу үкімі кейінге қалдырылды

Исламабад Жоғарғы соты Ханды кепілдікпен босатуға шешім қабылдады.

2030573
Имран Ханды 3 жылға түрмеге отырғызу үкімі кейінге қалдырылды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан өзі сотталып жатқан жемқорлық ісі бойынша жарияланған 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кейінге қалдырылды. Исламабад Жоғарғы соты бұрынғы премьер-министрді кепілдікпен босатуға шешім қабылдады.

Сот бұған дейін Ханды 490 000 доллар құнындағы сыйлықтарды сату және Ханды билікті асыра пайдаланды деп айыптап, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Пәкістан полициясы Ханды сот шешімімен 5 тамыз күні Лахордағы үйінде қамауға алды.

8 тамыз күні Пәкістан Сайлау комиссиясы сотталып жатқан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша кінәлі деп танылған Имран Ханды 5 жылға саясаттан шеттетілді деп шешім қабылдады.

Хан елдің солтүстік батысындағы «Attock» түрмесінде отыр.



Ұқсас жаңалықтар