Ақ Үй баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеме жасады

АҚШ Евгений Пригожиннің қайтыс болғанына сенімді болғанын білдірді.

2030567
Ақ Үй баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Ақ Үй баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер «Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожиннің 23 тамыз күні ұшақ апатынан қайтыс болғанына барған сайын сенімді екенін мәлімдеді.

Жан-Пьер Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында бір журналисттің «Пригожиннің ұшағының апатқа ұшырау себебі туралы жаңа бір мағлұмат бар ма?» деп қойған сұрағына «Бұл тақырыпта жаңа бір дерек тапқан жоқпыз» деп жауап қайтарды.

Жан-Пьер «Пригожиннің өткен сәрсенбі күні (23 тамыз) ұшақ апатынан қайтыс болғанына барған сайын сенімді боламыз» деді.

Ресей федералдық Авиация агенттігі (Росавиация) 23 тамыз күні жасаған мәлімдемесінде Пригожин мінген жекеменшік ұшақтың Тверьде құлауы салдарынан 10 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Мәлімдемеге қарағанда ұшақтағы жолаушылар тізімінде Пригожиннің көмекшісі және «Вагнердің» негізін қалаушылардың бірі Дмитрий Уткинге қоса Сергей Пропустин, Евгений Макарян, Александр Тотмин, Валерий Чекалов және Николай Матусеев бар еді.

Ресейдің Тергеу комитеті 27 тамыз күні жасаған мәлімдемесінде Тверь аймағында ұшақтың құлауы салдарынан қаза тапқандардың арасында Евгений Пригожиннің де бар екенін растаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар